ГастроГард (680 мг/80 мг)

МНН: Кальция карбонат, Магния карбонат
Производитель: Алкалоид АД-Скопье
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Стандартные комбинации соединений
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023336
Информация о регистрации в РК: 03.05.2023 - 03.05.2033

Инструкция

Саудалық атауы

ГастроГард

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 680 мг/80 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 680 мг кальций карбонаты, 80 мг ауыр магний карбонаты;

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, ішінара желатинденген жүгері крахмалы, коповидон, ксилитол, төменорынбасқан гидроксипропилцеллюлоза LH-11, жалбыз хош иістендіргіші SD, ментол L бүркіп құрғатылған хош иістендіргіш, тальк, магний стеараты.

Сипаттамасы

Шаршы пішінді, шеттері дөңгелек, екі жағы ойыңқы, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірілімі.Тұздардың қарапайым біріктірілімі.

АТХ коды А02AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

ГастроГард препаратының асқазан сөлімен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде асқазанда кальций мен магнийдің ерігіш тұздары түзіледі.

Кальций мен магний осы ерігіш тұздардан сіңіріледі.

Кальций мен магнийдің сіңірілу деңгейі жеке пациентке және препараттың қабылданған дозасына тәуелді. Шамамен 10 % кальций және 15-20 % магний сіңіріледі. Дені сау адамдарда сіңірілген кальций мен магнийдің аздаған мөлшері бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде, плазмадағы кальций мен магний концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Ішекте ерігіш тұздардан ерімейтін қосылыстар түзіледі, олар организмнен нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бұл дәрілік зат екі антацидтік дәрінің – кальций карбонаты мен магний карбонатының біріктірілімі болып табылады.

Кальций карбонаты мен магний карбонатының әсер ету механизмі болып табылады және жүйелі сіңірілуіне тәуелді емес.

Кальций карбонаты бейтараптандырғыш әсерге ие, ол магний карбонаты қосылуының есебінен күшейеді, оның да бейтараптандырғыш әсері күшті.

Қолданылуы

Асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауынан туындайтын симптомдарды:

қыжылды

асқазанның толып кету сезімін немесе эпигастрий аймағындағы ауырлықты

метеоризмді

жүрек айнуын

қышқылды кекіруді басу үшін.

Диетадағы ауытқулардан, дәрілерді қабылдаудан, алкогольді, кофені, никотинді шамадан тыс пайдаланудан кейін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ауырулар туындаған кезде 1-2 таблеткасын шайнау (немесе толық ерігенше ауызда ұстау) керек, күніне 4 – 8 таблетка.

Ауырулар күштірек болса, дозасын азғантай уақытқа, күніне 12 таблеткаға дейін арттыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар

– жоғары дозаларын жиі қабылдаған жағдайда, асқазан сөлінің компенсаторлық гиперсекрециясы

– дәм сезбей қалу, кальциноз, астения, бас ауыруы

– жүрек айнуы, құсу, іш тұсындағы жайсыздық, диарея

бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипермагниемия және гиперкальциемия

– бұлшықет әлсіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

– бүйрек функциясының айқын бұзылулары

– гиперкальциемия

– гипермагниемия

– миастения

– 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидтермен емдеу кезінде орын алатын асқазан сөлі қышқылдылығының өзгерістері басқа препараттарды бір мезгілде қолданғанда, олардың сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. ГастроГард пен төменде көрсетілген препараттарды 2 сағаттан астам аралықпен қабылдау ұсынылады:

- Н2-гистамин блокаторларын;

- Атенолол, Метопролол, Пропранолол;

- Хлорохин;

- Циклин;

- Дифлунисал

- Дигоксин

- Дифосфонаттарды

- Фексофенадин

- Темірді (тұздарын)

- Фторхинолон

- Натрий фториді

- Глюкокортикоидтар (преднизолон мен дексаметазон үшін сипатталған)

- Индометацин

- Кайексалат

- Кетоконазол

- Нейролептиктер, фенотиазин туындыларын

- Пеницилламин

- Фосфор (үлестерін)

- Тиротоксин.

Құрамында салицил қышқылы бар препараттарды:

Құрамында салицил қышқылы бар препараттарды қабылдағанда, несептің алкалинденуінің есебінен, бүйрек экскрециясының жоғарылауы.

Айрықша нұсқаулар

Егер, салмақ жоғалту, жұтыну кезінде қиындықтар немесе іштегі үнемі болатын жайсыздық (асқазан-ішек жолында болуы мүмкін өзгерістер); бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау қажет) байқалса, пациенттерге медициналық жәрдемге жүгіну керек.

- Жоғарыда аталған қиындықтар 10 күн емдеуден кейін де сақталса немесе жағдай нашарласа, этиологиялық зерттеу жүргізу және емдеу тәсілін қайта қарастыру қажет.

- ГастроГард препаратымен емдеу курсы 10 күннен аспауы тиіс: жағымсыз әсерлері тиазидтік диуретиктермен бірге қолданғанда немесе сүт немесе сүт өнімдерін көп мөлшерде пайдаланатын пациенттерде, соның ішінде, ұзақ уақыт емделгенде байқалады.

Күніне 4-8 таблеткадан қабылдағанда, емдеу қысқамерзімді болуы тиіс, симптомдары жойылғаннан кейін тоқтатылуы тиіс, ал қабылданатын таблеткалардың мөлшері 12-ден аспауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезінде

Жануарларда тератогендік әсерінің туындағаны туралы нақты деректер жоқ. Сүйектенумен байланысты аномалиялар, кальций карбонатының едәуір жоғары дозаларын қабылдағанда және ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда сипатталды.

Қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, препаратты ұсынылған дозаларында қолданғанда, даму ақаулары немесе шаранаға зиянды әсері туындаған жағдайлар анықталмаған. Дегенмен, қандай-да бір қауіптерді жоққа шығару үшін, аталған біріктірілімді қолдану аясында жүретін жүктіліктерді бақылау жеткіліксіз.

Соған орай, жүктілік кезнде бұл препаратты тек қажет болған жағдайда ғана қабылдау керек.

Препараттың құрамында келесі компоненттердің бар екендігін ескеру қажет:

• диарея туғызуы мүмкін магний тұздарының,

• кальций тұздарының, жоғары дозаларында және ұзақ уақыт бойы қабылдағанда, түрлі ағзалардың, соның ішінде бүйректің кальцинозымен жүретін гиперкальциемия қаупінің туындауына алып келеді.

ГастроГард препаратын бала емізу кезінде, препаратты қабылдаудың шарттарын сақтай отырып қабылдауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: Кальций карбонаты мен магний карбонатының жоғары дозаларын ұзақ уақыт, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану, бүйрек жеткіліксіздігіне, гипермагниемияға, гиперкальциемияға және алкалозға алып келуі мүмкін, олар өз кезегінде асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдарды (жүрек айнуы, құсу, іш қатуы) және бұлшықет әлсіздігін туғызуы мүмкін.

Емі: препаратты қолдануды тоқтату және организмге сұйықтықтың жеткілікті түсуін қамтамасыз ету керек. Артық дозалануының ауыр жағдайларында (мысалы, сүт-сілті синдромында) дәрігермен кеңесу қажет, өйткені қосымша регидратация (мысалы, инфузия) қажет болып қалуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптаға салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Алкалоид АД Скопье, Скопье, Македония Республикасы

Қаптаушы ұйым

Алкалоид АД Скопье, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Абботт Лабораториз ГмбХ, Ганновер, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абботт Қазақстан» ЖШС

050059 Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі- 2» БО

тел.: +7 727 2447544; факс: +7 727 2447644

e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com

Прикрепленные файлы

ГастроГард_каз.doc 0.07 кб
ГастроГард_рус.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту